Жаңалықтар
1 мин оқу 262

Қазақстан Республикасының Заңы №181-V

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014-2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы 1-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014-2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2013 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 18,110-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2014 жыл – 1 480 000 000 мың теңге;». 2-бап. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 31 наурыз №181-V ҚРЗ
Бөлісу:
Қазақстан Республикасының Заңы №181-V · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар