Коронавирус
1 мин оқу 281

Өткен тәулікте Алматыда 19 адам коронавирустан жазылып шықты

<p style="text-align: justify;">Алматыда бір тәулікте 33 адам коронавирус жұқтырды. Оның 26-да симптом бар, 7-де ауру белгілері жоқ. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

19 адам жазылып шықса, 12 адам ауруханаға жаңадан түсті. 400 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 96 адам жатыр, оның ішінде 8 бала бар. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 11 адам жатыр.

4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында біреу, High flow-да төрт аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 174 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 158 науқас, симптомсыз 16 науқас бар.

Бөлісу:
Өткен тәулікте Алматыда 19 адам коронавирустан жазылып шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар