Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 243

Кәсіпқой боксшы он жасар ұлын нокаутқа түсірді

<p style="text-align: justify;">Ұлыбританиялық бұрынғы кәсіпқой боксшы Карл Фроч 10 жасар ұлын нокаутқа түсірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Vringe.com-ға сілтеме жасап.</p>

Кәсіпқой боксшы он жасар ұлын нокаутқа түсірді

«Мен ұлым Рокконы ұдайы жаттықтырып жүремін. Әлбетте, жұпта тұрып жұмыс істеген кезде бауыр тұсына соққылар жұмсаймын. Мүмкіндігінше жойқын соққылар дарытуға ден қоямын. Бірер күн бұрын сол он жасар ұлымды нокаутқа түсірдім. Алайда бұл жағдайға оның өзі кінәлі. Қолын жоғары көтеріп алды да, шынтақтарымен бүйір тұсын қорғауды ұмыт қалдырды. Қызымды да жаттықтырып тұратыным бар. Жалпы, менің ұлым да, қызым да төбелесе білуі, өз-өзін қорғай алуы керек. Әйткенмен олардың кәсіпқой спортшы болғанын қаламаймын. Ұлыма: «Сенің аты-жөнің Рокко Фроч болса, төбелесе білуің керек» дегенді жиі айтып, миына құйып жүремін», дейді спортшы өз ойымен бөлісіп.

Бөлісу:
Кәсіпқой боксшы он жасар ұлын нокаутқа түсірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар