Аймақтар
1 мин оқу 500
Павлодарда жетім балаларға тұрғын үй сертификаты беріледі
<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үй сертификаты беріледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының айтуынша, өңірде 2022 жылы оқушылардың қалалық қоғамдық көлікте тегін жүруін қарастырған. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үй сертификаттарын бөлу жоспарлануда
«Іс-шаралар жоспары әзірленді, оған 8 бөлім, 64 іс-шара кіреді. Іс - шараларды жалпы қаржыландыру 34247,1 миллион теңгені құрайды», деді Д.Болатханұлы.
Спикер 2022 жылы балаларды әлеуметтік қолдауға басты назар аударылатынын атап өтті.
Бөлісу: