Қазақстан
1 мин оқу 670

Қайрат Боранбаев екі айға қамауға алынды

<p style="text-align: justify;">Қайрат Боранбаевқа қатысты квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«2022 жылғы 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Сонымен қатар қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Тергеу жалғасуда.

Бөлісу:
Қайрат Боранбаев екі айға қамауға алынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар