Ауа райы
1 мин оқу 280

Еліміздің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында қатты жел, тұман, көктайғақ және бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазгидромет» РМК ның хабарлауынша, 18 наурызда түнде Ақтөбе облысының шығысында боран, оңтүстікте тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 16 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігіне тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстікте көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігіне тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.

Қарағанды облысының орталығында, шығысында боран, солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Күндіз орталықта, шығыста жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Жезқазғанда боран соғады.

Бөлісу:
Еліміздің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар