Әлем
1 мин оқу 260

Өз өкілеттігін шектейді

<p class="1012" style="text-align: justify;">Aljazeera да Қазақ&shy;стан Прези&shy;дентінің ха&shy;лыққа Жолдауын&shy;да өз өкілеттілігін шек&shy;тейтін реформа ұсынғаны туралы жазады.</p>

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз кабинетінің өкілеттік­терін шектеу үшін конститу­циялық реформаларды ұсынып, елдің супер­президенттік бас­қарудан күшті парламенті бар прези­денттік республикаға көшуі қажет екенін айтты» дейді таяушығыстық басылым.

Орталық Азия елінің парламентінде сөй­­леген сөзінде Тоқаевтың кейбір заң­на­­­ма­­лық өз­герістерді алып тастауды ұсын­ға­нын, атап айтқанда, парла­мент­тік сайлау жү­­йе­сін өз­гертуге және Консти­туциялық сот­­ты қал­­пына келтіруге ша­қыр­ғанын жазды.

«Тоқаев сонымен бірге 1990-жылдары өзге аймақтармен біріктірілген үш облысты қай­та құруды, билеуші партияны үкіметтен алыс­татуды және Президент тікелей неме­се жанама түрде тағайындайтын Пар­ламент депутаттарының санын азайтуды қалайтынын айтты», делінген хабарламада.

Тағы бір ұсынылған реформа пар­тия құруға қажетті адамдардың санын 20 мыңнан 5 мыңға төмендету арқылы жаңа саяси партияларды тіркеу жеңілдетілетіні айтылды.

Бөлісу:
Өз өкілеттігін шектейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар