Әлем
1 мин оқу 392

Басқару формасын өзгертуді жақтайды

<p style="text-align: justify;">Түркияның Anadolu агенттігі жариялаған ақ&shy;паратта Қазақстан Прези&shy;денті Қ.Тоқаевтың бұл өзгерістерді &laquo;табысты мемлекет қағидатын&raquo; іске асыруға мүмкіндік береді деп санайтыны айтылған.</p>

«Президенттің айтуынша, реформалар үшін реформа жасаудың қажеті жоқ. Өзгерістер басқаларға жақсы болып көріну үшін жасалмайды. Бұл табыс­ты мемлекет қағидатын іске асы­руға, Қазақстанды тиімді мемлекетке айнал­дыру­ға мүмкіндік береді. Прези­дент соны­мен қатар бұл мақсатқа жету үшін бір­қатар бастама ұсынды», делінген хабарламада.

Anadolu Қ.Тоқаевтың Amanat партиясының төрағалығынан биыл бас тартатынын мәлімдегенін, саясаттағы монополия деградацияға әкеледі дегенін және Президент өз өкілеттігі кезінде пар­тия мүшелігін тоқтату міндетін заң­на­малық түрде ресімдеуді ұсынғанын жазды.

Сондай-ақ елдегі қаңтар айындағы оқиғаға қатысты мәлімдемесі берілген.

Бөлісу:
Басқару формасын өзгертуді жақтайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар