Қоғам
1 мин оқу 142

Тұрақтандыру қорында 1 259 тонна өнім бар

<p style="text-align: justify;">Қызылорда тұрақтандыру қорында құны 253,3 млн теңге болатын 1 259 тонна азық-түлік бар. Бұдан бөлек, 4 328,1 тонна ұн, 272 тонна қа&shy;ра&shy;құ&shy;мық жармасы, 500 тонна күнбағыс майы мен 6 тоннаға жуық сүт жет&shy;кізілуде.</p>

Тұрақтандыру қорында 1 259 тонна өнім бар

«Айналым схемасы» бойынша 22 келісімшарт негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне 1 163 млн теңге займ берілді. Осы арқылы 19 түрлі әлеу­мет­тік маңызы бар азық-түлік пен тұрақтандыру қорындағы өнім­дер Қызылорда қаласында орна­лас­қан 36 әлеуметтік дүкенде және қо­сымша 14 ірі супермаркеттегі әлеуметтік бұрыштарда нарықтан төмен бағада сатылуда. Мұнан бө­лек өңірді әлеуметтік нанмен қам­тамасыз ету мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ, Ауыл шаруашылығы минис­трлігі және облыс әкімдігі ара­сында арзандатылған бидай алу үшін меморандумға қол қойылып, ақпан айынан бері ұн өндіруші кә­сіпорындарға 1 949,6 тонна астық тасы­малданды.

Өңірде 334,2 тоннаға жуық қант қоры бар. Тұрақтандыру қо­­рындағы қант әлеуметтік дү­кен­дерде және ірі сауда орын­дарының әлеуметтік бұ­рыштарында 263 теңгеден сатылуда. Мұнан бө­лек, тұрақтандыру қо­рының сау­да әріптестерімен 125 тонна қантпен қамтамасыз ету жө­нін­де ке­лісімдері бар. Сондай-ақ қо­сымша тағы 136 тонна сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін «Азық-түлік келісім­шарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқы­лы 3 314,8 тонна қант жеткізу көзделіп отыр.

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Тұрақтандыру қорында 1 259 тонна өнім бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар