Тұлғалар есімі берілді
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласындағы 8 мектепке ұлт руханиятының дамуына зор үлес қосқан айтулы тұл­ғалар есімі берілді. Бұл жағым­ды жаңалықты қалалық Тілдер­ді дамыту және архив ісі басқар­масының басшысы Сәкен Есіркеп мәлімдеді.</p>

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №123 қаулысына сәйкес елордамыздағы 8 мектепке тарихи тұлғаларымыздың есімі берілді» дейді С.Есіркеп.
Енді бас шаһардағы №2 балалар музыка мектебіне Роза Бағланованың; №3 балалар музыка мектебіне Ермек Серкебаевтың; №11 мектеп-лицейге Өзбекәлі Жәнібековтің; №49 орта мектепке Қошке Кемеңгерұлының; №66 мектеп-лицейге Дінмұхамед Қонаевтың; №69 мектеп-гимназияға Кемел Ақышевтің; №77 мектеп-гимназияға Фариза Оңғарсынованың; №83 мектеп-гимназияға Ыбырай Алтынсариннің аты ресми берілді.