Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» 2022 жылғы 19-21 наурыз үндерінің күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Апта соңында Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклоны ықпалында болады, осыған байланысты аязды, көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда Жаңа жер архипелагы жақтан келетін циклон 20 наурызда республиканың солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарына әсер ете бастайды. Циклон оңтүстік-шығысқа қарай ауысып, 21 наурызда республиканың басым бөлігін қамтиды. Осыған байланысты ауа температурасы жоғарылап, күн күрт бұзылады, атап айтқанда оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қар аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Республика бойынша тұман түсуі ықтимал», делінген синоптиктер хабарламасында.