Атырауда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды
<p style="text-align: justify;">Атырауда мерзімі өткен визалық құжаттармен жүрген 120 қытай азаматы анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p> <div class="advdiv" style="text-align: justify;"> </div> <p> </p>
Атырау қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Мигрант» іс-шарасы барысында қала аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктерді анықтады.
Мәселен, Өзбекстан Республикасының 30 азаматы құрылыс алаңында арнайы рұқсат құжаттарынсыз қызмет етіп жүрген. Қазіргі уақытта олар қабылдау-тарату орнына қамалды. Жеке бастары анықталғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Бұдан басқа, аталған жедел іс-шара барысында полиция қызметкерлері қала аумағындағы Қытай компанияларының бірінің филиалында мерзімі өткен визалық құжатпен жүрген 120 ҚХР азаматын анықтады. Қазіргі уақытта әкімшілік іс-құжаттары сот органдарына жолданды.