Қоғам
1 мин оқу 430

Нұрсұлтан Назарбаев көмекшісін қызметінен босатты

<p style="text-align: justify;">Тұңғыш Президент-Елбасының шешімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының көмекшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Данияр Талғатұлы 1976 жылы 25 мамырда Алматы қаласында туған.

1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын экономист мамандығы бойынша үздік аяқтаған.

Еңбек жолын Орталық Азия қор биржасында маман ретінде бастады.

1996-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымдар атқарды, 2003-2007 жылдары осы департаментті басқарды.

2007-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымын, 2015 жылғы тамыз - 2015 жылғы қараша аралығында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті көмекшісінің міндеттерін уақытша атқарушы болды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы (2015-2019); ҚР Президентінің кеңесшісі болды.

ҚР тұңғыш президентінің көмекшісі лауазымына 2019 жылдың сәуірінде тағайындалған.

Бөлісу:
Нұрсұлтан Назарбаев көмекшісін қызметінен босатты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар