Жаңалықтар
1 мин оқу 564

Елизавета Тұрсынбаева Италияда жеңімпаз атанды

01.04. Elizaveta TursynbaevaҚазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Елизавета Тұрсынбаева Италияда өткен  Gardena Spring Trophy турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады. Турнирде Елизавета қысқа бағдарламадан кейін екінші орынды иеленген еді. Осыдан кейін ол еркін бағдарламада өнер көрсетіп, қарсыластарын басып озды. Сөйтіп, екі бағдарламаның нәтижесінде 157.86 балл жинап, бас жүлдені жеңіп алды. Күміс пен қола медальді америкалық Эшли Шин мен Брэдли Таннел иеленді. Тұрсынбаева биыл Болгарияда жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатына да қатысқан болатын. Бірақ, ол жерде спортшымыз 11 орын иеленді. Қазір Елизаветаны канадалық бапкер Брайан Орсер жаттықтырады. Дастан Кенжалин. Дереккөз: www.kft.kz Фото: www.kft.kz
Бөлісу:
Елизавета Тұрсынбаева Италияда жеңімпаз атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар