Аймақтар
1 мин оқу 310

Полицейлер заңсыз сақталған қаруларды тәркіледі

<p style="text-align: justify;">Атыраулық полицейлер әбжілдік танытып, заңсыз сақталған қаруларды тәркіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Полицейлер заңсыз сақталған қаруларды тәркіледі

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

«Бізге түскен ақпаратқа сәйкес, полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, 2 қару тапты. Енді ҚР Қылмыстық кодексінің 287 бабының 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек 1999 жылы дүниеге келген жігіт Жайық өзенінің жағасынан тауып алған пневматикалық тапаншаны полицияға тапсырды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 287 бабының 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде», дейді облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Тәркіленген қаруларға қатысты ақпаратты түзету мекемесінде отырған 24 жастағы жігіт хабарлаған екен.

Бөлісу:
Полицейлер заңсыз сақталған қаруларды тәркіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар