Қазақстан
2 мин оқу 811

Ұзынсары

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ұзынсарыға сақтаған сы&shy;ба&shy;ғам еді&raquo; деп Нағима жеңгей жең&shy;ді білектей қос қазы мен бір өзі бір табақ болатын телшікті, қыр&shy;тысы қалың семіз жамбасты, жая мен омыртқаны кебежесінен суы&shy;рып алды.</p>

Ұзынсары

Мейіздей сап-сары болып сақталыпты. Жең­гей айтқан ұзынсары туралы оқы­ғанбыз, естігенбіз. Оны адам екен деп, ұзын, сары кісі екен деп ұғып, күлкіге қалғандар тура­лы да білетін едік. Дарқан даланың даналық дәптеріне жазыл­ған дәйекті дәстүрдің бірі. Тек жұрт­тың аузынан естімегелі не за­ман. Мен ғана емес, ас үйде отыр­ған әлденеше адам таңыр­қай қараған. Білгенімізбен, суы­ры­­лып сөйлеп, ескі әдет жа­йын­да сөз қозғауды артықтау санаған­быз. Нағима жеңгейдің өзі қа­мыр­дан қыл суырғандай етіп еп­ті­лік­пен сипаттап шықты. Сөз ар­на­сы жалпы жұртқа бағыттал­ғаны­мен, ішкі мәйегі әлі де таңыр­қап отырған жас келініне бағытталғандай.

– Ілкі заманда ертеңін ойлайтын қазақ бар дәмдісі мен майлысын ұзынсарыға сақтаған, – деді жеңгей, – ұзынсарының мағынасы былай, көктем келіп, жарықтың ұлғаюы баршаға жақ­сы әсерін тигізеді. Түн қыс­қарып, күн ұзармақ. Қыстың күні ел ерте жатады, өйткені шаруа істей қояды дейтіндей емес, дала қараңғы. Ал қарбалас шақ көктемде. Ұзақ қыстан қыс­ты­ғып шыққан шаруа адамы­ның бойындағы қажыр кеміп, қай­рат азаймақ. Аш өзек тұс. Міне, сол кезде құнарлы ас іш­кен адам әр күні жылға азық бола­тын көктемнің әр сәтін тек­ке жібермей, апырып-жапы­рып жұмыс істейді. Биылғы ұзын­сары­да азық-түліктің кейбір түр­лері қымбаттап кетті. Қайта соғым­ның екі-үш табағын сақ­тап қойғаным дұрыс болыпты. Дүние дүргіліп тұрғанда, жағдай тұрақтағанша талғажау қылуға әбден жетеді. 

Әттең, бұрынғының салт-дәс­түрін сақтай бермейтіндігіміз қан­дай өкінішті. Әйтпесе, мақ­сат-мұраты бүгінгі күнге дөп келіп тұрған жоқ па?!

Көкшетау

Бөлісу:
Ұзынсары · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар