Аймақтар
1 мин оқу 470
Қылмыстық іс қозғалды
<p style="text-align: justify;">Петропавлдағы жылу-электр орталығындағы апат бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ондағы жұмысшылардың бірі әлі табылар емес, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.</p>

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге зер салсақ, ЖЭО-дағы түтін мұржасының жартылай құлауына байланысты облыс әкімі жедел штаб құрған. Онда қала тұрғындарын жылумен қамтуға қатысты барлық жұмыстар атқарылуда. Қазіргі сәтте бір жұмысшы – машинист-қараушы табылар емес. Облыс прокурорының нұсқауымен арнайы құрылған жедел-тергеу тобы да іске кіріскен. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Бөлісу: