Әлем
1 мин оқу 195

БҰҰ: 10 млн украиналық үйін тастап кеткен

<p style="text-align: justify;">Әскери іс-қимылдар басталғалы Украинада халықтың 20 проценттен астамы, яғни 10 миллион адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Айта кетейік, бұл есепке өзге мемлекеттерге бас сауғалаған украиналықтармен қоса ел ішінде қоныс аударғандар да кіреді.

БҰҰ-ның мәліметінше, шамамен бір ай ішінде Украинадан 3 миллион 400 мыңға жуық адам кетіп қалған. Оның 2 миллионнан астамы көрші Польша шекарасын асқан. Тағы жарты миллионы Румынияға барған.

Бөлісу:
БҰҰ: 10 млн украиналық үйін тастап кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар