Әлем
1 мин оқу 212

Қытайда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

<p style="text-align: justify;">Қытайдың оңтүстігінде China Eastern авиакомпаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы CGTN ресми Twitter-дегі парақшасында мәлім етті.

Қытай тарапының ақпараты бойынша, ұшақ Куньминнен Гуанчжоуға ұшып шыққан, әуе кемесінің бортында 133 жолаушы болған. Ұшақ Гуанси-Чжуан автономиялық ауданына қарасты Учжоу қалалық округінің Тэн уезіндегі таулы жерде құлаған.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қытайда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар