Президент
1 мин оқу 264

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҚР Президенті Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының маңында «China Eastern Airlines» әуе компаниясы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына қайғыра көңіл айтамын», делінген жеделхатта.

Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар