Аймақтар
1 мин оқу 225

Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасындағы тас жол жабылды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Ауа райының қолайсыздығына байланысты, елордадан шығатын бірқатар тас жолдар жабылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Ikomek жедел қызметінің мәліметіне қарағанда, бүгін, 22 наурыз сағат 10:00-ден бастап «Екатеринбург - Алматы» тасжолының 1291-1426 шақырым аралығындағы учаскесі жабылды.

Бұл - Нұр-Сұлтан қаласы мен Теміртаудың аралығын қамтитын автожол.

Жолдың жабылуына ауа райының бұзылуы, боран мен жолдың көрінбеуі себеп болды.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасындағы тас жол жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар