Аймақтар
2 мин оқу 710

Қапшағайда Ұлыстың ұлы күніне орай бәйге өткізілді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бәйге Қапшағайға қарасты Қосқұдық ауылында өткен. Аталмыш додада елдің түкпір-түкпірінен жиналған бәйге жылқылар сынға түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Наурыз мейрамын тойлау барысында Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Қосқұдық ауылында «Аламан», «Топ», «Тай», «Құнан» бәйгелері өтті.
Жарыс барысында Қапшағай өңірінің әкімі Нұрлан Орынбасарұлы халықты Әз-Наурыз мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, ауыл ақсақалдары сайыс басталар алдында атбелгілерге жылы лебіздерін айтып, ақ батасын берді.

«Бізде Жастар қоғамы бар, солар бәйге өткізсек деген ұсыныс жасады. Біз қолдап, сый-сияпат жағынан көмектестік. Шарадан түскен қаражатты Жастар қоғамы қайырымдылық қорына аударсақ деген ойларын айтты, ол жағын өздері шеше жатар. Дегенмен, олар аз қамтылған 1-2 отбасына баспана салып береміз деп отыр, біз оны қолдаймыз, өз тарапымыздан шамамыз келгенше көмектесеміз», деді Нұрлан Орынбасарұлы.

Е

Жалпы, республикалық деңгейде өткен бәйгеге Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Қарағанды облыстарынан және Алматы, Талдықорған қалаларының атбегілері қатысты.

25 шақырымдық аламанға - 50, 15 шақырымдық топ бәйгесіне – 40 , ал 8 шақырымдық құнан бәйгесіне - 50, 4 шақырымдық тай жарысына – 30 сәйгүлік шабысқа жіберілді.

Жалпы, сайыста 100-ден астам тұлпар бақ сынасты. Нәтижесінде топ бәйгеден – Батыс Қазақстан облысы, құнан бәйгесінен - Ескелді ауданы, тай бәйгеден – Жамбыл ауданы жүлделі орындарға ие болған. Ал аламан бәйгеден Қордай ауданы бас жүлдені жеңіп алып, тігілген «Лада Гранта» автокөлігін қанжығасына байлады.

Бөлісу:
Қапшағайда Ұлыстың ұлы күніне орай бәйге өткізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар