Қазақстан
2 мин оқу 380

Бірнеше өңірде жол қозғалысы қиындады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Боранға байланысты Қазақстандағы бірқатар республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

ҚазАвтоЖол ұсынған мәліметке қарағанда, төрт облыстың аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы қиындады. Осыған байланысты, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарындағы жолдар жабылды.

Ақмола облысының келесі жолдарында шектеу енгізілді:

«Жезқазған – Петропавл» жолының 377-445 шақырымындағы Қостанай облысының шекарасы мен Державинск қаласы аралығы;

«Екатеринбор-Алматы» жолының 1291-1353 шарықымындағы Жібек жолы ауылы мен Қарағанды облысы шекарасы аралығы;

«Екатеринбор-Алматы» жолының 1275-1291 шақырымындағы Нұр-Сұлтан қаласы мен Жібек жолы ауылы аралығы;

«Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр - Нұра – Теміртау» жолының 36-51 шақырымындағы Қабанбай батыр мен Қарағанды облысы шекарасы аралығы.

Ақтөбе облысында жабылған жол учаскесі:

«Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» жолының 12-90 шақырымындағы Ақтөбе мен Қандыағаш аралығы.

Қарағанды облысы аумағында мына жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді:

«Жезқазған-Петропавл» жолының 65-252 шақырымындағы Жезді мен Қостанай облысы шекарасы аралығы;

«Екатеринбор-Алматы» жолының Ақмола облысы шекарасы мен Теміртау аралығы;

«Екатеринбор-Алматы» жолының 1446-1457 шақырымындағы Теміртау мен Қарағанды қалалары аралығы;

«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» жолының 17-217 шақырымында Қарағанды қаласы мен Қарқаралы қаласы учаскесі;

«Қызылорда-Павлодар» жолының 970-1066 шақырымындағы Қарағанды мен Молодежный аралығы;

«Екатеринбор-Алматы» жолының 1505-1847 шақырымындағы Жұмабек пен Балқаш аралығы;

«Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» жолының 51-266 шақырымындағы Ақмола облысы шекарасы – Теміртау қаласы учаскесі.

Қостанай облысы аумағында жабылған жолдардың тізімі:

«Жезқазған-Петропавл» жолының 340-377 шақырымындағы Арқалық пен Ақмола облысы шекарасы;

«Жезқазған-Петропавл» жолының 252-340 шақырымындағы Қарағанды облысы шекарасы мен Арқалық аралығы.

Бөлісу:
Бірнеше өңірде жол қозғалысы қиындады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар