Жаңалықтар
1 мин оқу 570

Елбасының құттықтау хаты тапсырылды

Атақты ғалым, саясат және қоғам қайраткері, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий 75 жасқа толды. A95O7039.jpg-0 Осыған орай, Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев оған жеке құт­тықтау хатын жолдаған болатын. Хатта В.Садовничийдің басқаруымен «ММУ инновациялар мен ізгі бастамалардың бұлағына айналып, әлемнің ең үздік университеттерінің қатарына кірді», деп атап көрсетілген. Мерекелеу қарсаңында Қазақ­станның Ресейдегі елшісі Марат Тәжин мерейтой иесімен кезде­сіп, Мемлекет басшысының аты­нан аталған құттықтау хатты тапсырды. Елші мәдени-гума­ни­тарлық салалардағы Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынастарына В.Садовничийдің ерекше үлес қос­қанын атап өтіп, оған ұзақ ғұмыр мен табыс тіледі. Сонымен бірге, жүздесу бары­сында мәдени-гуманитарлық, оның ішінде ең бастысы, білім беру саласындағы мәселелер тал­қыланып, екіжақты ынты­мақ­тастықтың күн тәртібіндегі мә­се­лелері бойынша пікір алмасу өтті. «Егемен-ақпарат».
Бөлісу:
Елбасының құттықтау хаты тапсырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар