Елордада бір тәулікте 124 ЖКО тіркелді
<p style="text-align: justify;">Елордада бір тәулік ішіінде 124 ЖКО тіркелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда жолдарында жол-көлік оқиғаларының саны артты. Ірі жол апаттарының бірі 23 наурыз күні сағат 14:30-да Қосшы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына апаратын жолда орын алды. Жол апатында 12 көлік бір-бірімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының себебі - метеорологиялық жағдайда жылдамдық режимін сақтамау.
Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерді өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, қатты тежеуге жүгінбеуді, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды ескертеді.