Аймақтар
1 мин оқу 360

Түркістандық азаматтан травматикалық тапанша тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қару алып жүрген тұрғынды ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz-ке сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелген.

Полицейлер жүргізген жедел жұмыстардың нәтижесінде күдіктіден қару және 3 оқ-дәріні тәркіленген.

Қаруға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Сараптама қорытындысы тапаншаның трамватикалық қару екенін анықтады.

Бөлісу:
Түркістандық азаматтан травматикалық тапанша тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар