Хоккей
1 мин оқу 85

Қазақстанның қарсыласы – Франция

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: .1pt;">Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы мамыр айын&shy;да Фин&shy;лян&shy;дияның Хельсинки және Там&shy;пе&shy;ре қалаларында жалауы жел&shy;бі&shy;рей&shy;тін 85-ші әлем чем&shy;пио&shy;на&shy;тының бағдарламасына аздаған өзгеріс ен&shy;гіз&shy;генін мәлімдеді. </span></p>

Қазақстанның қарсыласы – Франция

Атап айтқанда, IIHF әлем біріншілігінің А және В тобында орналасқан Ресей мен Беларусь құрамаларын саяси жағдайға байланысты жарыстан ресми түрде шеттетіп, аталған екі елдің орнына Франция және Аустрия хоккейшілерін біріншілікке қа­тыстыратын болды. Ал басқа ережелер өз күшінде қалды. Яғни чемпионат қо­рытындысы бойынша екі топта соңғы орын алған екі команда әдеттегідей IA дивизионына түседі.

Осылайша, әлем чемпионатының А тобында Қазақстан құрамасы Канада, Гер­мания, Швейцария, Словакия, Дания, Италия және Франция командаларымен ойнайтын болды. Ал В тобында Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Ұлыбритания және Аустрия құрамалары өнер көрсетеді.

Айта кетейік, шайбалы хоккейден ере­сектер арасындағы әлем чемпионаты ма­мырдың 13-29 аралығында Финляндияның «Хартвалл-арена» және «Нокиа Арена» мұзайдындарында өтеді.

Бөлісу:
Қазақстанның қарсыласы – Франция · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар