Теннис
1 мин оқу 146

20 аптадан бері көш бастап келеді

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Tennis Europe ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингін жариялады.</p>

20 аптадан бері көш бастап келеді

Қазақстан теннис федерациясының мәліметі бойынша, жерлесіміз Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасында 20 аптадан бері көшбасшылықты ешкімге бермей келеді. Қазіргі таңда қа­зақстандық спортшының еншісінде 505 ұпай бар. Сондай-ақ ТОП-150 теннисшінің қатарына Қазақстанның тағы екі өкілі енген. Атап айтқанда, Дамир Жалғасбай 38-орынға жайғасса, Даниэль Тазабеков 129-сатыда тұр.

Junior Masters – Еуропаның 14 және 16 жасқа дейінгі ең үздік жас теннисшілері бақ сынайтын ірі жарыс. Бұл жарыста кезінде Рафаэль Надаль, Ким Клейстерс, Александр Зверев, Белинда Бенчич сияқты теннисшілер чемпион атанған.

Бөлісу:
20 аптадан бері көш бастап келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар