Аймақтар
1 мин оқу 190

Ақмола облысында бір ауыл сусыз қалды

<p style="text-align: justify;">Ақмола облысының Макинка ауылында қатты жел салдарынан су айдау мұнарасы құлап, тұрғындар сусыз қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Хабар 24&raquo;&nbsp;телеарнасына сілтеме жасап.</p>

Бір жарым мыңға жуық тұрғын сусыз қалды. Қазір су тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылған. Сонымен қатар оқиға орнына арнайы мамандар келген. Олар мұнараның одан әрі пайдалануға жарамдылығын анықтайды.

«Макинка тұрғындарына екі көлікпен су жеткізілді. Ертең де сол қарқынмен жұмысты жалғастырамыз. Мамандар нақты шешім шығаруы керек. Себебі су айдау мұнарасының астындағы іргетас қозғалса, онда бұзып, жаңасын орнату қажет болады», деді Макинка ауылының әкімі Жанат Көшкімбаев.

Бөлісу:
Ақмола облысында бір ауыл сусыз қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар