Қазақстан
1 мин оқу 270

Қазақстанның іскер әйелдері Дубайда өз жобаларын таныстырды  

<p style="text-align: justify;">Наурыз мейрамын тойлау аясында EXPO 2020 Dubai дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан павильонының алаңында Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы өкілдері қатысқан іс-шара өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;QazExpoCongress&raquo;&nbsp;ҰК&raquo;&nbsp;АҚ-ның&nbsp;баспасөз қызметіне&nbsp;сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Қазақстандық делегация құрамында білім беру, құрылыс, астық индустриясы, туризм, баспа, тігін өндірісі, қонақ үй-мейрамхана бизнесінің өкілері болды.

,

Таныстырылым барысында әйелдер еліміздің өңірлерінде жүзеге асырылып жатқан бизнес пен әлеуметтік жобаларды талқылады.

Іс-шара Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қатысушылары үшін тәжірибе алмасуға және әлеуетті серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.

Павильон ашылғалы бері оған 1,4 млн-нан астам адам келгенін, ал оның алаңында 50-ге жуық іскерлік және мәдени іс-шаралар өткізілгенін атап өткен жөн.

Бөлісу:
Қазақстанның іскер әйелдері Дубайда өз жобаларын таныстырды   · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар