Оқиға
1 мин оқу 310

ҚТЖ қаражатын жымқырған кәсіпкер сотталды

<p style="text-align: justify;">Құрылыс компаниясының басшысы теміржол жолдарының қоршауын салуға арналған 57 миллион теңгені жымқырғаны үшін 6 жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қаржы мониторингі агенттігі «ЖилОтделСтрой» ЖШС басшысының алаяқтық дерегі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады.

«2015 жылдан 2019 жылға дейін Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің станцияларында жолдарды қоршау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде Құдайқұлов А.Б «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жалпы сомасы 57 миллион теңгеден астам ақша қаражатын Қарағанды магистральдық желі станцияларындағы Жолдарды қоршау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде жұмыс көлемін арттыру арқылы жымқырғаны анықталды», делінген хабарламада. 

Тергеу әрекеттері барысында бюджетке келтірілген залал толығымен өтелді. Сот үкімімен Құдайқұлов 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
ҚТЖ қаражатын жымқырған кәсіпкер сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар