Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 130

Биволдың жеңісі «Канелоның» жоспарын бұзады

<p style="text-align: justify;">7 мамыр күні жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, ресейлік Дмитрий Бивол екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альваресті жеңсе, мексикалық боксшының жоспары бұзылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биволдың жеңісі «Канелоның» жоспарын бұзады

Бұл туралы Boxingnews24.com сайтының тұрақты авторы Дэн Эмброуз пікір білдірді.

«Дмитрий Бивол Альваресті жеңу үшін барын салатын болады. Өйткені бұл оның өміріндегі ең маңызды шайқас екені даусыз. Бұған дейін Сауль Альварес 17 қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет рингте кездесу туралы келісімшарт жасасқан болатын. Алайда ол Дмитрий Биволға жеңілсе, жоспарын 180 градусқа өзгертіп, ресейлік боксшымен жедел қарымта кездесу өткізеді», деді ол кезекті жазбасының бірінде.

Бөлісу:
Биволдың жеңісі «Канелоның» жоспарын бұзады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар