Президент
1 мин оқу 520

Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады

<p style="text-align: justify;">Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов&nbsp;Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2022 жылғы 1-тоқсанда &nbsp;жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақордаға сілтеме жасап.</p>

Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сондай-ақ Президентке сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал жайында баяндалды. Ғалымжан Пірматов валюта нарығында қалыптасқан үрдістер, Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қордағы активтердің жай-күйі туралы айтты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфляцияның қарқыны, банк жүйесіндегі депозиттер құрылымының өзгеруі, зейнетақы активтерінің жағдайы мен төлем жүйесінің дамуы жөнінде мәлімет берілді.  

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасына бірқатар тапсырма жүктеді.

Бөлісу:
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар