Қазақстан
1 мин оқу 490

Қазақстанда қауіпті қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу қағидалары бекітілді

<p style="text-align: justify;">ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 17 наурыздағы <a href="https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=33905574&amp;show_di=1" target="_blank" rel="noopener noreferrer">қаулысымен</a> қауіпті және басқа да қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, әкету және транзиттеу қағидалары бекітілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Осылайша, ЕАЭО-ға мүше емес елдерден ҚР аумағына әкелу және әкету мемлекеттік орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Қауіпті қалдықтарды әкелу, әкету Базель конвенциясына және бірыңғай тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

Қалдықтар ҚР аумағынан (аумағы бойынша) әкетілген (транзиттелген) жағдайда аумағына қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша түрдегі келісімі болуы қажет.

Қаулы 2022 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Бөлісу:
Қазақстанда қауіпті қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу қағидалары бекітілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар