Қысқы спорт
1 мин оқу 200

Анастасия Городко Әлем чемпионатының жүлдегері атанды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық спортшы Анастасия Городко фристайл могулдан Италияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;prosports.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Бірінші орынды АҚШ спортшысы Елизабет Лемли иеленсе, үздік үштікті оның отандасы Алли Маккуга қорытындылады.

Еске салсақ, 16 жастағы отандасымыз былтырғы жылы Алматыда өткен Әлем чемпионатында паралельді могулден қола жүлдеге қол жеткізген.

Бөлісу:
Анастасия Городко Әлем чемпионатының жүлдегері атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар