Әлем
1 мин оқу 232
Польша президентінің ұшағы Варшаваға қонуға мәжбүр болды
<p style="text-align: justify;">Польша президенті Анджей Дуданың ұшағы 25 наурыз күні сағат 14:30-да Варшаваға шұғыл қонған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.</p>
Польша президенті Анджей Дуда АҚШ президенті Джо Байден келген Жешув қаласына жете алмады. Себебі оның ұшағы техникалық себептерге байланысты Варшаваға қайтуға мәжбүр болған.
Америка Құрама Штаттарының Президентін Жешув қаласында Польшаның Ұлттық қорғаныс министрі Мариуш Блашчак қарсы алды.
Польша басшысы Дуда кейін резервтік ұшақпен Жешув қаласына ұшты.
Бөлісу: