Қазақстан
2 мин оқу 150

27 наурызға арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер жексенбі, яғни 27 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақмола облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстігімен шығысында жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел 15-20, таулы асуларда екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Батыс Казақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман, күндіз көктайғақ болады, жел 15-20 м/с соғады.

Атырау облысының басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с соғады, түнде облысың шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының орталығында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с соғады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын,солтүстігінде тұман, көктайғақ болып, күндіз оңтүстігі мен батысында жел 15-20 м/с жетеді.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, солтүстігінде, оңтүстігінде орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, оңтүстігі мен орталығында жел 15-20, екпіні 23 м/с соғады.

Шығыс Қазақстан облысының батысы ме солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі, облыстың батысында, оңтүстік-батысында және орталығында жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с соғады.

Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады.

Бөлісу:
27 наурызға арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар