Аймақтар
1 мин оқу 464

Ақтөбе әуежайы қайта ашылды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай 28 наурыздан бастап қайта ашылды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;әуежайдың instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.</p>

Билеттерді айырбастау, қайтару, ұшу уақытын ауыстыру мәселелері бойынша билет сатып алған жерге хабарласу керегі айтылды.

Сондай-ақ Ақтөбе әуежайында биыл жаңа бағыттар ашылатыны, одан әрі дамитыны белгілі болды.

Еске салайық, әуежайдың ұшу-қону жолағы жөндеуді қажет еткен еді. Тексеру барысында әуеайлақ плиталарының бүлінгені, сынғаны анықталған.

Жөндеу жұмыстары 17-27 наурыз аралығында жүргізілді.

Бөлісу:
Ақтөбе әуежайы қайта ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар