Президент
1 мин оқу 292

Мемлекет басшысы Батыр Қазыбаевтың жақындарына көңіл айтты

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист Батыр Қазыбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.</p>

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, медиаменеджер Батыр Қазыбаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның анасы танымал қаламгер, ұстаз Орынша Қарабалинаға көңіл айту жеделхатын жолдады.
 
«Ардақты ұлыңыз Батыр Кәкімжанұлы ақпарат саласында табысты қызмет етіп, ірі медиажобаларды жүзеге асырды. Отандық ақпараттық порталдар, радио мен телеарналардың негізін қалап, еліміздің журналистика саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Өзінің табиғи қарапайымдылығымен, ұшқыр ойларымен және іскерлігімен елге сыйлы болды. Өмірде адал еңбек етіп, өз ісінің білгір маманы ретінде соңына өшпес із қалдырған Батыр Кәкімжанұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды», делінген Президенттің жеделхатында.
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Батыр Қазыбаевтың жақындарына көңіл айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар