Коронавирус
1 мин оқу 180

Елордада вакцинация пункттері қай жерлерде ашық

<p style="text-align: justify;">Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты сауда ойын-сауық орталықтарының жанындағы вакцинация пункттерінің бір бөлігі өз қызметін тоқтатты. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазіргі уақытта вакцинация пункттері «Абу Даби Плаза» СОО және «Нұрлы жол» ТЖ вокзалында, сондай-ақ, бастапқы буындағы 26 денсаулық сақтау ұйымдарында орналасқан.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы азаматтардың ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға қосқан үлесін атап өтіп, азаматтарды иммундау жұмыстарының ерекше маңыздылығын еске салды.

Бөлісу:
Елордада вакцинация пункттері қай жерлерде ашық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар