Қоғам
1 мин оқу 3,681

Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы көбейеді

<p style="text-align: justify;">2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын 550 мың теңгеге дейін арттыру жоспарлануда, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бұл елдегі орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары», деп қосты Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Сондай-ақ ол медициналық студенттерге арналған гранттар мен стипендиялардың құнын арттыру, ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген медициналық жоғары оқу орындарының түлектері үшін әлеуметтік пакетті жақсарту туралы айтты.

Бөлісу:
Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы көбейеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар