Қазақстан
1 мин оқу 930

Ермұхамет Ертісбаев партия төрағасы болып сайланды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Халық партиясының XIX кезектен тыс съезінде партия басшылығының құрамы өзгерді. Ермұхамет Ертісбаев ҚХП төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚХП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

ҚХП парламенттік фракциясының бұрынғы басшысы, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров төрағаның бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Photo

Ермұхамет Ертісбаев партия мүшелеріне сенім білдіргендері үшін алғыс айтып, сенімді толық ақтау үшін күш-қуатын, білімін және саяси тәжірибесін жұмсауға уәде берді.

«Қазақстан Халық партиясы – солшыл-орталық партия. Мен үшін бұл – өте маңызды. Мен өмір бойы социалист болдым», деді ол.

Жаңа төраға қазіргі таңда  қазақстандықтардың ҚХП-ға деген сенімі айтарлықтай артып келе жатқанын атап өтті.

«Халық партиясы деген атаудың өзі уақыт өте келе оның мәслихаттарда,  Мәжілісте, Сенатта үстемдік ету керектігін меңзейді», деді Ермұхамет Ертісбаев.

Бөлісу:
Ермұхамет Ертісбаев партия төрағасы болып сайланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар