Жаңалықтар
1 мин оқу 290
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаулысы № 729-V
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасын сайлау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қаулы етеді:
Депутат Жақыпов Қабиболла Қабенұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайлансын.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары
С.ДЬЯЧЕНКО.
Астана, 2014 жылғы 3 сәуір. № 729 -V ПМ
1949 жылы туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.
№ 8 «Оралауылқұрылыс» тресінде еңбек жолын бастап, бас инженер, ПМК-811 бастығы қызметтерін атқарды. Содан соң «Оралколхозқұрылыс» тресінің бас инженері болды.
Орал қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, қаладағы Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, қалалық атқару комитетінің төрағасы, Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарды.
Көлік және коммуникациялар министрінің бірінші орынбасары, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Парламенттегі өкілі болып тағайындалды.
2007 жылы Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайланды.
2012 жылғы қыркүйектен бері – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.
Қабиболла Қабенұлы ЖАҚЫПОВ
1949 жылы туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.
№ 8 «Оралауылқұрылыс» тресінде еңбек жолын бастап, бас инженер, ПМК-811 бастығы қызметтерін атқарды. Содан соң «Оралколхозқұрылыс» тресінің бас инженері болды.
Орал қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, қаладағы Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, қалалық атқару комитетінің төрағасы, Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарды.
Көлік және коммуникациялар министрінің бірінші орынбасары, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Парламенттегі өкілі болып тағайындалды.
2007 жылы Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайланды.
2012 жылғы қыркүйектен бері – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.Бөлісу: