Қоғам
2 мин оқу 610

«Скандинавиялық серуен» – сергектік кепілі

<p style="text-align: justify;">Маужыраған Алтайдың ауылы. Мал жайғап, от жағар уақытта жоғарғы жақтан &laquo;скандинавиялық серуенге&raquo; шығатындарды байқап жүрміз. Қала болса бірсәрі, ауылдық жердің күйкі тірлігі күйіп тұрған уақытта таяқ сүйреп серуендегені несі деп сөккің келеді. Таяқпен серуендеудің пайдасын ұқпаған соң шығар... Сөйтсек, &laquo;скандинавиялық серуенде&raquo; дене бұлшық етінің 90 пайызы қимылдап, қан айналымы дұрысталады екен.</p>

«Скандинавиялық  серуен» – сергектік кепілі

Өскеменде, Ертістің жаға­ла­уында таяқтарын тықыл­да­тып әрлі-берлі сабылып жүрген қа­рия­лар­ды жиі көреміз. Алайда бұл спорт ауылдық жер үшін таңсық. Спорт емес, еріккеннің ермегі сияқтанатыны рас.

Ауылды айналып, Сарым­сақ­ты өзенінің бойымен құлдилап келе жатқан спортшылардың бірі­мен сөйлесіп едік, ден­сау­лы­ғының жақсарғанын, күні бойы сергек жүретінін айтып, әңгімелесе жө­нелді. Тіпті, күн­нің аязы мен бо­ранына қара­мас­тан, өздері бел­гі­леп қойған шақырымды жүріп өтеді екен. Ара­ларында зейнеткерлер ғана емес, жастары да бар.

– «Скандинавиялық серуеннен» халықаралық жарыстар өтіп тұрады. Біз жарысқа қатысайық деп емес, шынығайық, шымыр болайық деп серуендейміз. Тау-тасқа шықсақ та, таяқты тас­та­май­­мыз. Қазіргі таңда көп кез­де­­­сетін хондроз, остехондроз, сколиоз секілді аурулардың ал­­­дын алатын бір спорт қайсы де­се, осы серуенді айтар едім. Өйт­­кені нәтижесін аз уақыттың ішін­­де сезіне бастадым, – дейді күз­ден бері скан­динавиялық әдіс­пен серуендеп жүрген Зарина Мастикбаева.

Көзге қарапайым көрінгенімен, пайдасы орасан бұл не деген спорт деп, «скандинавиялық серуендеу» туралы жазған дәрігерлердің, жаттықтырушылардың жазбаларын парақтап көрдік. Шынымен де, жас-кәрі деп бөлмей айналысатын спорт секілді.

«Скандинавиялық серуендеу» – ұзақ ырғақты жүктемесі бар аэробика деп түсінік береді мамандар. Жүйелі түрде айналыс­са, сүйектерді, қан тамыр­ларын, өкпені нығайтады. Стрестік жағ­дай­ларға жол бер­мей­ді, депрессиядан арылуға көмектеседі. Ке­йінгі жылдары танымал болып кеткен бұл спортпен әлем­де 10 миллиондай адам ай­­­­на­­­лысады. Көпшілік қызыға бас­­­таған бұл спорттың тарихы қалай дейміз ғой. Сөйтсек, 1940 жылдары Финляндияда шаң­­ғы құрамасының жат­тық­ты­рушысы Юхе Мието жат­ты­­ғуды үзбеу үшін жаз айларында спортшыларды таяқпен жүргізген. Велоспортпен, жүзу­мен айналысуға болар еді, бірақ шаңғының жүктемесін «скан­дина­виялық серуендеуден» бас­қа спорт түрі бере алмайды де­се­ді. Сөйтіп, жаттығуды үзбе­ген финляндиялықтар жеңіс тұ­ғы­­рынан көрінген. Уақыт өте бұл тәжірибені басқа да құрама ко­мандалар пайдалана бастаған. Бүгінде «скандинавиялық серуен­­­деу» бұ­қа­ралық спорт тү­рі­­­не айналып келеді.

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
«Скандинавиялық серуен» – сергектік кепілі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар