Үкімет
1 мин оқу 384

Мәслихаттардың өкілеттігі кеңейтіледі

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру» бағытында 2 іс-шара іске асырылады.

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы аясында министрлік «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң және оған ілеспе заң жобаларын әзірлеуде. Заң жобалары жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару функцияларының аражігін ажырату, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүліктік құқықтарын және мәслихаттар өкілеттіктерін кеңейту; жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін оңайлату жөніндегі нормаларды көздейді», деді Әлібек Қуантыров.

Бөлісу:
Мәслихаттардың өкілеттігі кеңейтіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар