Елордада 1 келіден астам гашиш тәркіленді

Елорданың полиция қызметкері ірі көлемде есірткі сақтаған күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елорданың полиция қызметкерлері келіп түскен ақпаратқа орай жедел іздестіру іс-шарасын өткізіп, Потанин көшесі бойында есірткі сақтаған күдіктіні ұстады. Бұған дейін де сотты болған елорданың 37 жастағы тұрғынын тінту барсында салмағы 1 келіден асатын гашиш тәркіленді. Есірткі заты сатуға дайын күйде буып-түйілген. Сонымен қатар ұсталған күдіктіден қолдан жасалған пышақ алынды», деп атап өтті департамент өкілдері.
Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Есірткіні жеткізу арнасын анықтау іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, жыл басынан елорда аумағында заңсыз айналымнан 53 келі түрлі есірткі заты алынды. Оның ішінде 20 келі «гашиш» және 30 келі синтетикалық есірткі бар.