Әлем
1 мин оқу 420

Мексикада әтеш төбелесі кезінде 20 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Мексикада әтеш төбелесіндегі жанжал кезінде 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Reuters агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Оқиға Мичоакан штатының батысындағы Лас-Тинахас қаласында болған. Онда «Халиско жаңа буынының картелі» (CJNG) есірткі тасымалдау жолдарын бақылау мүмкіндігін алу үшін жергілікті бандалармен күрес жүргізіп жатыр.

Мексика полициясы 19 мәйітті тапқанын хабарлады - 16 ер адам мен 3 әйел. Зардап шеккендердің бәрі оқ жарақатын алған, тағы бір жәбірленуші ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Сондай-ақ, полицейлер оқиға орнынан 15 көлікті тәркілеген.

«Бұл - екі топтың қырғыны», деді Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор адам өліміне өкініш білдіріп.

Шабуылшыларды ұстауға Мексика армиясы мен ұлттық гвардия әскері жұмылдырылған. Бірақ жанжалға қатысқандар аймақтағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың қайсынан екені белгісіз.

Әтеш төбелесі Мексиканың көп аймағында тыйым салынғанымен, елдің кейбір бөліктерінде танымал саналады және жасырын түрде өткізіледі.

Бөлісу:
Мексикада әтеш төбелесі кезінде 20 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар