Экология
1 мин оқу 790

Үйде ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізімі бекітілді

<p style="text-align: justify;">Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі үй жануарлары мен тұрғын үйлерде ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізбесін бекітті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атап айтқанда, тыйым салынған жануарлардың тізіміне мыналар кірді:

  • Шаяндар;
  • Өрмекшілер;
  • Жыландар;
  • Кесірткелер (улы тістілер мен Комодо кесірткесі);
  • Барлық түрдегі қолтырауындар;
  • Жыртқыштар (аюлар, арыстандар, барыстар, пумалар, қасқырлар және т. б.);
  • Приматтар;
  • ҚР-да сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жануарларының барлық түрлері.

Жануар иесінің ерекше жауапкершілігін қажет ететін үй жануарларының тізіміне келесі түрлер кірді: американдық акита, доберман, далматин, чау-чау, хаски, шарпей, роттвейлер, Стаффордшир терьері, қойшы иттер, мысық тұқымдасының жабайы түрлері бар үй мысықтарының будандары және т. б.

Жануарлардың толық тізімін мына құжаттан көруге болады.

Бұйрық 2022 жылғы 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Бөлісу:
Үйде ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізімі бекітілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар