Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 575
Қазақ боксшысының жекпе-жегі екі жұлдызбен бағаланды
<p style="text-align: justify;">Он бесінші сәуір күні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында ұйымдастырылатын бокс кешінде қазақ оғланы Сұлтан Зәуірбек кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> sports.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген отандасымыз кезекті кездесуінде мальталық Хайтем Лаамузбен қолғап түйістіреді.
Бұл жекпе-жекте Сұлтан өзіне тиесілі WBO European белдігін қорғайды.
Жекпе-жектің рейтингін белгілейтін әйгілі BoxRec сайты бұл шайқасты екі жұлдызбен бағалапты. Уақыт өткен сайын рейтингі жақсы қарсыластармен кездесуге бекінген Сұлтанның бес жұлдызды боксшылармен жұдырықтасатын кезі алыс емес деп ойлаймыз.
Бөлісу: