Футбол
1 мин оқу 330

Соңғы минутта есепті теңестірді

<p style="text-align: justify;">Футболдан еліміздің 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінде өз алаңында Шотландиямен кездесті.</p>

Соңғы минутта есепті теңестірді

Төреші ысқырығы естіле сала екі елдің жастар құрамасы алаңда белсенді болғанымен, есепті алғашқы болып шот­ландиялық футболшылар ашты. Ойынның 25-минутта ұтымды сәттердің бірінде Рос Грахам мер­гендік танытып, командасын алға шы­ғарды. Екінші кезеңде шот­лан­диялық тағы бір ойыншы Том Клейтон өз құрамасының ба­сым­дығын арттыра түсті, есеп – 2:0.

Ал 71-минутта Еркебұлан Сей­дахмет пенальтиден есеп айырмасын қысқартса, 95-минутта Абы­лайхан Жұмабек таразы басын теңестірді. Осы­лайша, Қазақстан жастары Шот­ландиямен 2:2 есебімен тең түсіп, іріктеу кезе­­ңін­­дегі алғашқы ұпайына қол жет­кізді.

Айта кетсек, іріктеу турни­рінде Қазақстан жастар құрамасы I тобында Бельгия, Дания, Шот­ландия және Түркиямен сын­ға түсуде. Әзірге алты ойыннан кейін бір ғана ұпайға ие болды.

Турнир кестесінде көш со­ңын­да тұрған еліміздің жастар құрамасы 4 сәуірде сырт алаңда Даниямен шеберлік байқасса, 10 маусымда тағы да сырт алаңда Түркиямен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақ­стан жастары Қырғызстан олимпиадалық құрамасынан 2:0 есебімен басым түскен еді.

Бөлісу:
Соңғы минутта есепті теңестірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар